Домаза порталының мақсаты
Тұрғын және коммерциялық қозғалмайтын мүлік нарығы бір-біріне ұқсас сипаттағы және қызметтегі порталдармен толық екені рас-қозғалмайтын мүлікті локальды деңгейде ұсынады. Бұл кезде көбінесе толық ақпаратпен қамтамасыз етілмейді, сондай-ақ тиімді жарнама да жүзеге асырылмайды.
Міне осы себептен біз Домаза порталын енгіздік. Біздің мақсатымыз- қозғалмайтын мүлік секторын глобализациялау және қозғалмайтын мүлік нарығының халықаралық дамуына ықпал ету. Біздің тапсырмамыз- Сіздің нарығыңызды халықаралық деңгейде кеңейту, агенттіктер мен құрылыс компанияларының потенциалды клиенттерінің санын максималды ұлғайту, сіздің тұтынушыларыңызға қозғалмайтын мүлікті іздеуде неғұрлым кеңірек және анығырақ ақпарат беру; инвесторларға жаңа иновативті идеялар ұсыну және қозғалмайтынмүлікті сату мен ұсыну қызметінің сапасын арттыру мақсатында халықаралық әріптестіктер қалыптастыру.